Ерекше білім беруді қажет ететін балаларға сабақ беретін пән мұғалімдерімен жүргізілген ойын-жаттығулар
М.Әуезов атындағы орта мектебінің педагог-психологтары мен арнайы мамандары бірлесіп, ерекше білім беруді қажет ететін балаларға сабақ беретін пән мұғалімдеріне семинар-тренинг ұйымдастырып өткізді. Мақсаты: Жағымды психологиялық ахуал қалыптастыру, бірлесіп жұмыс жасауға, өзін еркін сезінуге көмектесу.
Ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалар тек ерекше күтім мен қолдауды ғана емес, сонымен қатар олардың қабілеттерін дамытуды және мектептегі жетістіктерді де қажет етеді. Сондықтан да, ерекше білім беруді қажет ететін балаларға сабақ беретін пән мұғалімі басты кейіпкер, бірақ мүмкіндігі шектеулі баланың сыныбында бір мұғалім оқу мен даму үшін қажетті жағдай жасай алмайды. Пән мұғалімдеріне де үлкен төзімділік пен еңбек, күш-жігер қажет. Ең маңызды шарт - түзету-дамыту жұмыстарын жүргізетін мамандар тобының болуы: дефектолог-педагог, психолог, логопед және басқа да мамандар. Осыған орай, мектеп психологтары мен арнайы мамандар мотивациялық ойын жаттығулар мен «Жақсы көңіл-күй - жан азығы», «Кім жылдам» атты тренингтер жүргізді.