02
қыркүйек
2024
Сынып сағаттарына қатысты
2024 жылдың 2 қыркүйек күні педагог-психолог М. Джамалиева 4 «Ә» сыныбының «Менің Отаным - Қазақстан» тақырыбындағы ашық сынып сағатына қатысты. Сынып жетекшісі Н. Естемесова сабақты мемлекеттік Гимн орындаудан бастады. Келесіде сабақтың кезеңдеріне өтті, тақтадағы алдын ала ілінген көрнекіліктер бойынша сұрақтар қойылды. Құндылықтарға назар аудару үшін төмендегі сұрақтар арқылы оқушылардың жауаптарын тыңдады. 1.Отан деген не? 2.Есіңде қалған қандай көріністі айта аласың? 3.«Патриот» деген сөзді қалай түсінесің? «Менің Отаным - Қазақстан» тақырыбында викториналық ойын ойнатылды. Оқушылар сынып сағатына белсене қатысып, Отанымыз Қазақстан туралы көптеген мәліметпен танысты. Сабақтың келесі бөлімінде қауіпсіздік ережесі туралы сұрақ-жауап бөліміне тоқталып, «Жолда жүру ережесі» туралы видеоролик көрсетілді.
Қазақстан - сен заңғар биіксің, кеңсің. Біздің жанымыз өзіңе деген мақтанышқа бөленген. Біз сенің атыңды жер бетіне жар салар перзентіңбіз, тәуелсіздікті мықтап қолға ұстайтын балаңбыз! Біз - тәуелсіз қазақ елінің ең жас жеткіншектеріміз. Сондықтан өз жерімізді, өз елімізді, әкелеріміз бен аталарымыз сияқты қадірлеуге, сүюге, қорғауға тиісті екенімізді ұмытпауымыз тиіс.