19
мамыр
2023
Ашық есік өтті
2023 жылы 19 мамыр күні сағат 10.00-де М.Әуезов атындағы орта мектебінің 9-сынып оқушылары Шамалған ауылындағы Кәсіптік оқудағы көпсалалы колледжінің ұйымдастыруымен кәсіптік бағдар беру жұмыстарын жүргізу мақсатында өткізген "Ашық есік" күніне қатысты. "Алматы облыстық білім басқармасы" мемлекеттік мекемесінің "Кәсіптік оқудағы көпсалалы колледжі" мемлекеттік коммуналдық қазыналық мекемесіне саяхат жасаған оқушыларға экскурсия жүргізілді. Колледжде алып шығатын мамандықтардың туралы бейнероликтерге шолу жасау арқылы кеңінен ақпараттар берілді, презентациялар көрсетілді. Сонымен қатар, 9-сыныптың түлектері колледждің оқу-өндірістік базасымен танысып, өз сұрақтарына толық жауап ала алды.








