«М.Әуезов атындағы орта мектебі»коммуналдық мемлекеттік мекемесі Қамқоршылық кеңесі отырысының хаттамасы (Online түрінде өткізілген) » Мұхтар Әуезов атындағы орта мектеп
Алматы облысы
Қарасай ауданы білім бөлімінің
"Мұхтар Әуезов атындағы орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72)771 5-42-87
Есепші бөлімі:
+7(72) 43-50-93
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » «М.Әуезов атындағы орта мектебі»коммуналдық мемлекеттік мекемесі Қамқоршылық кеңесі отырысының хаттамасы (Online түрінде өткізілген)
28
мамыр
2020

«М.Әуезов атындағы орта мектебі»коммуналдық мемлекеттік мекемесі Қамқоршылық кеңесі отырысының хаттамасы (Online түрінде өткізілген)

«М.Әуезов атындағы орта мектебі»коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Қамқоршылық кеңесі отырысының хаттамасы

                                 (Online түрінде өткізілген)

Өткізілген уақыты:27.05.2020ж

Отырыстың басталуы:11.00сағ

Отырыстың аяқталуы:11.50 сағ

Отырыстың төрағасы:Давлетова Т.Ұ

Қатысқандар:Исмайлова Қ.М,  Оразалиева.С.К,  Жуманова А.Т,   Шобанбаев О.М, Коптлеуова Г.Таргыновна, Ерназарова Ү.П,   Есболатова Т.О, Джалмағанбетова А.

Шақырылғандар:  Мектеп директоры:  Аубакирова Н.Д

Хатшы: Мухамбетова Н.М


Күн тәртібінде :

2019-2020 оқу жылы бойынша мектеп директоры    Н.Аубакированың оқу  тәрбие жұмысы бойынша атқарылған жұмыстарының қорытынды есебі.

Тыңдалды:

 Қамқоршылық кеңестің төрайымы  Т.Давлетова   сөз алып,келесі отырысты бастап берді.Отырыс online түрінде болды.Күн тәртібіндегі қаралған мәселе бойынша мектеп директоры Н.Аубакированың  оқу тәрбие жұмысы бойынша қорытынды есебі тыңдалды. Мектеп директоры алғашқы сөз шымылдығын «Халық пен халықты теңестіретін-білім»деп қазақтың абызы М.Әуезов айтқандай,білім бәсекесіне бейім шәкірт тәрбиелеу-біздің өмірлік мақсатымыз деді.

Мектеп директоры Н.Аубакирова өз сөзінде,оқу жылындағы оқушылардың  білім сапаларының көрсеткіштерін айтып өтті.Әр сыныптың білім сапасына жеке-жеке тоқталды.

2019-2020 оқу жылында әдістемелік жұмыстардың қорытындысы туралы баяндалды.9 әдістемелік бірлестік жұмыс жүргізеді. Сонымен мектебімізде «Балауса» жас ұстаздар ұйымы барында атап өтті.Оқу жылының басында әрбір әдістемелік бірлестіктердің жылдық жоспарлары жасалынып, бекітілгендігін атап өтті.Жоспарға сәйкес мектепшілік бақылаулар,онкүндіктер жүргізілгендігі туралы баяндады. Тәрбие жұмысы бойынша өз сөзінде 2019-2020 оқу жылында біршама жұмыстар атқарылғандығын, оқушылардың әлеуметтік жағдайы туралы мәліметтер жиналып тәрбие жұмыстарының бағыттары белгіленгендігін атап өтті.

Мектебіміздегі жетім, жартылай жетім, аз қамтылған ,көп балалы, отбасынан шыққан балаларымызға мектеп тарапынан,ата-аналар тарапынан,мектеп мұғалімдері қашықтықтан оқыту кезінде өз көмектерін көрсетті.Көп балалы отбасынан шыққан оқушылардың үйіне барып азық-түлік жағынан көмек қолдарын созды. Алғыс айту күніне арналған іс-шарамызда мектептегі көп балалы отбасынан шыққан оқушымызға мектеп формасы алып берілді.

Қорытындылай келе,білім сапасын көтерудің негізі-білім берудегі демократияландыруды көздейтін оқытудың технологияларын енгізу.Басты байлық адам, адам байлығы-білім.Сондықтан ата-ана-мектеп –оқушы тығыз байланыста болған жағдайда тәрбиелі, білімге құштар.ойы ұшқыр,еңбекқор, адал,өнерлі балаларымыздың көп боларсы сөзсіз деп өз сөзін аяқтады.

Шешім:

2019-2020 оқу жылындағы мектеп директоры Н.Аубакированың қамқоршылық кеңесі алдындағы қорытынды есебі қанағаттанарлық деп есептелсін.

Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив