"Кемел келешек кілті – дарындылар қолында" тақырыбында «Болашақ» дарынды балалар апталығы жоспарлы түрде өтті » Мұхтар Әуезов атындағы орта мектеп
Алматы облысы
Қарасай ауданы білім бөлімінің
"Мұхтар Әуезов атындағы орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72)771 5-42-87
Есепші бөлімі:
+7(72) 43-50-93
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » "Кемел келешек кілті – дарындылар қолында" тақырыбында «Болашақ» дарынды балалар апталығы жоспарлы түрде өтті
10
мамыр
2022

"Кемел келешек кілті – дарындылар қолында" тақырыбында «Болашақ» дарынды балалар апталығы жоспарлы түрде өтті

Мамыр айының 11-13 күндері аралығында «Кемел келешек кілті – дарындылар қолында» тақырыбында «Болашақ» дарынды балалар апталығы жоспарлы түрде өткізілді. 11-мамыр күні апталықтың ашылуында оқу жылы бойынша пәндік олимпиададан, көркемсөз оқуларынан, сайыстардан жеткен жетістіктерге қорытынды жасалынды. Аталған іс-шарада аудандық көркемсөз оқуларының жүлделі орындарға ие болған және ақындық өнерімен көзге түскен оқушылар көркемсөз оқыды. Іс-шарамыздың көркін 8 б сынып оқушысы Елдейбаева Аяна қобызда «жез киік» күйі мен «Көзімнің қарасы» әнін нақышына келтіріп орындап берді. Одан әрі 11 а сынып оқушысы Халдыбаева Жанар домбырада «Көңілашар» күйін орындаса, 8 б сынып оқушысы Самиева Құралай «Ерке сылқым» күйін әуеніне келтіріп орындап көрермендер назарына ұсынды. 11-мамыр күні «Өнерлі өрге жүзер» тақырыбында қолөнер көрмесі, 12-мамыр күні «Ерлік» таықырыбындағы көркемсөз сайысы, 12-мамыр күні «Былғары доп» шағын футболдан 6-7 сынып ұлдары арасында жарыс өткізді. 13-мамыр күні шығармашылық бағытындағы дарынды оқушыларға арналды. Бұл күні аудандық «Зерде», «Дарын» ғылыми жобалар байқауына қатысқан оқушылар өз жобаларын слайд арқылы таныстырып, қандай, қалай жұмыс жасап жатқандықтарымен бөлісті. 13-мамыр күні шығармашылыққа арналды. 3сынып жетекшісі Ф.Утегенова «Ертегілер әлеміне саяхат» тақырыбында «Шық бермес Шығай бай» ертегісін қойды. Оқушылар өздеріне берілген рөлдерді шеберлікпен сомдап шықты.
Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив